Қазақстанда жасалған: «Алатау Прогресс КЗ» компаниясының жоғары сапалы мектеп жиһазы

Қазақстанда жасалған: «Алатау Прогресс КЗ» компаниясының жоғары сапалы мектеп жиһазы

«Алатау Прогресс КЗ» ЖШС – «Altamir» брендімен мектеп жиһаздарын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан.

Компания 2019 жылы құрылған және осы уақыт ішінде өндірісті дамыту және өндірістік қуаттылықты арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарған. Өндіріс аумағы 20 мың ш. м. құрайды, ал инвестиция көлемі 4 млрд теңгеге жеткен.

Компания Германиядан әкелінген жоғары сапалы заманауи жабдықтарда жұмыс істейді. Бұл жиһаз өндіруде жоғары стандарттарды қамтамасыз етеді. Жобалау және өндіру кезеңдерінде жиһаздың ыңғайлылығы мен сапасына ерекше көңіл бөлінеді.

 «Алатау Прогресс КЗ» мектеп үстелдерін, орындықтарын, шкафтарын, мұғалімдер үстелдерін және арнайы жиһаздарды жасайды. Кәсіпорын муниципалды және жеке ұйымдарға жиһаз дайындау мен жеткізумен айналысады. Өндірісте 100 адам жұмыспен қамтылған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2 млрд теңгені құраған.

Кәсіпорын көшбасшылық позициясын нығайта бермек. Компания жоғары сапалы, заманауи және ыңғайлы жиһаздар өндіруді жалғастырып, білім беру мекемелеріне сапалы өнімдер ұсынуды көздейді.