Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау

Бұл бағдарлама азаматтардың әлеуметтік осалтоптарына жеке тұрғын үйді жалға алу төлемінің 50% көлемінде субсидия төлеуді көздейді. Жалға алуқұнының қалған 50% -ын алушылар өздері төлейтінболады.

Жалға берілетін тұрғын үйдісубсидиялауды қалай алуға болады?

Төрт санат бойынша тұрғын үйге кезектетұрған қазақстандықтар мемлекеттің қолдауынаүміткер бола алады:

1. 1 және 2 топтағы мүгедектер
2. мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар 
3. жетім балалар
4. көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға өтінішберместен бұрын, төмендегі шарттарға көз жеткізукерек:

1. Сізде қолданыстағы электрондық цифрлыққолтаңба (ЭЦҚ) бар.
2. Сіздің Отбасы банкінде депозитіңіз бар. Отбасыбанкінде депозитіңіздің болуы сізге арнайы шоттыавтоматты түрде ашуға мүмкіндік береді, содан кейіноған төлемдер аударылады.
3. Пайдаланушы otbasybank.kz порталының бастыбетінде субсидиялауға үміткер азаматтар тізіміндеөзінің бар-жоғын тексереді Ол үшін otbasybank.kz. порталында ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет
4. Егер пайдаланушы жалға алуды субсидиялауғаүміткерлер тізімінде тұрса және Банктің клиенті болса, онда ол өтініш беру мүмкіндігі бар басты беттікөрсетеді.
5. Пайдаланушы өтініш береді. Ол үшін ол төлемалуға өтініш пен дербес деректерді жинауға жәнеөңдеуге келісімге қол қояды. Құжаттарға қолқойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдейді жәнеотбасының құрамын өзі анықтайды.
6. Отбасының құрамын анықтағаннан кейін, кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесіotbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, жекедеректерді жинау және өңдеу келісіміне, зейнетақыжинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуқұқығына, табысы туралы ақпараттың шынайылығынакепіл болатын келісімдерге қол қоюы керек. Өтініштерге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.
7. Жүйе деректерді тексеріп, өтініш берушігесубсидия алуға келісім береді немесе себебін көрсетіп, өтінішін кері қайтарады.
8. Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алуаймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының ең жоғарымөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.
9. Субсидия алуға мақұлдау өтініш мақұлданғанкүннен бастап 1 (бір) ай көлемінде жарамды. 1 (бір) күнтізбелік ай өткеннен кейін өтініш жойылады.
10. «Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтінішберуші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуікерек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатынтұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.
11. Бұдан әрі баспананы жалға берушіotbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеледі.
12. «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөліміндедеректерін растайды.
13. Жүйе жалдау шартын және төлем кестесінқалыптастырады, оған ЭЦҚ көмегімен екі тарап қолқояды. 
14. Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартынтіркегені үшін мемлекеттік баж төлейді.
15. Субсидия алуға үміткердің жеке кабинетіндетөлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады.

Төлемдерді алу үшін отбасы табысы қандайболуы тиіс?

Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағыжиынтық табысы отбасының әрбір мүшесінешаққанда тиісті қаржы жылына арналғанреспубликалық бюджет туралы заңмен бекітілген еңтөменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшеріненаспауы тиіс.

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан ең төменгі күнкөрісдеңгейі 43 407 теңгеге тең. Мысалы, отбасында 5 адамекі ата-ана және үш бала, олардың бір айдағы жалпытабысы 217 035 теңгеден аспауы тиіс.

Қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғынүйді өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезіндебірнеше факторларды ескеру қажет.

Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалғаалып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалықмаңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттерінегізінде есептеледі.

Тұрғын үйді жалдаудың 1 шаршы метрініңбағасы жыл сайынғы АЕК деңгейінің және облыстыңнемесе қаланың белгілі бір коэффициентінің негізіндеқалыптастырылады (Жеке тұрғын үй қорынан жалғаалынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелегенсанаттарына төлемдерді тағайындау және жүзегеасыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес)

Жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі:

саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін - 40 ш. м. артық емес

саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін-60 ш. м. артық емес

саны 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін - 80 ш.м. артық емес

Егер тұрғын үй көлемі үлкен болса, онда айырмашылықты жалға алушы өзі төлейді.