Жұмыс тобы петиция бастамашыларынсыз зауыттарды аралауда: «Daewoo Bus Kazakhstan»-ға келу

Жұмыс тобы петиция бастамашыларынсыз зауыттарды аралауда: «Daewoo Bus Kazakhstan»-ға келу

Жұмыс тобы Семей қаласындағы «Daewoo Bus Kazakhstan» утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау үшін келді. Бірақ петицияның бастамашылары мен белсенділері топ отырысына келмеді.

«Daewoo Bus Kazakhstan» импорттық көлік жинақтарынан бөлшектер мен тораптарды құрастыруды, құрастыру-дәнекерлеуді және кузовты бояуды қамтитын Қазақстандағы алғашқы толық циклді көлік құрастыру кәсіпорны.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1200 автобусты құрайды. Ал ауданы 17 205 ш.м., оның 10 368 ш.м. Оңтүстік Кореяның заманауи технологиясымен жабдықталған құрастыру өндірісі бар.

«Біз Skywall электробустарының жаңа желісін іске қосамыз, бұл жаңа үлгі. Ол Алматы мемлекеттік стандарт зертханасында тексерілуде. Біз ол үшін КҚТБ алдық және жақын арада іске қосамыз», – «Daewoo Bus Kazakhstan» автомобиль зауыты бас директорының орынбасары Рашид Таипов жоспарларымен бөлісті.

Құрастыру өндірісі шанақ элементтерін құрастыру және дәнекерлеу, шанақты құрастыру және дәнекерлеу, бояу кабиналары, автобустарды құрастыру, сондай-ақ дайын өнімдердің қымтаулылығын және стандарттарға сәйкестігін тексеруге арналған соңғы желіден тұрады.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдерінің бар екенін еске саламыз.