Жұмыс тобы Семейде: петиция бастамашылары тағы да зауыттарды аралауға келмеді

Жұмыс тобы Семейде: петиция бастамашылары тағы да зауыттарды аралауға келмеді

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау бойынша Жұмыс тобы кәсіпорындарды аралау үшін а.ж. 20 маусымында Семей қ. келді. Алайда бұған дейін Көкшетау мен Алматыдағы зауыттарды аралауға қасақылық жасаған петиция бастамашылары мен белсенділері жұмыс тобының отырысына тағы да келмеді.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар екенін еске саламыз.

Топтың басқа мүшелері «Вельт Логистик» ЖШС-де болды. Кәсіпорынның қызметі қалқаланған, изотермиялық және өнеркәсіп тауарлар фургондарын, сондай-ақ рефрижераторлы фургондарды өндіруді қамтиды. Жылдық тауар айналымы 1,6 млрд теңгеден астам, кәсіпорынның ауданы 4 мың ш.м. құрайды.

Зауыт аймағында дәнекерлеу, сырлау, құрастыру цехтары, ағаш өңдеу цехы, тент тігу цехы және жинақтауыш қоймасы бар. Сонымен қатар, 2024 жылы өндірістік цехтың құрылысы басталды, ол 12 мың ш.м. кеңейтеді.

 «Вельт Логистик» ЖШС өнімдерінің негізгі тұтынушысы «СемАЗ» ЖШС. Біз өндірісті кеңейтіп, 15 гектар жер алдық. Олар екі кәсіпорын да жақын болсын деп бізге жақындау жер алып жатыр. Біз жаңа аудандарда бірнеше модельді шағын блокты CKD құрастырумен айналысамыз, олардың бірі – ГАЗель. ГАЗель моделіне арналған изотермиялық кабиналар мен бүкіл қондырманы біз барған «Вельт Логистик» ЖШС жасайды. Компания өнімдерінің басым бөлігі «Qarmet» қазақстандық металдан жасалған», – деді «СемАЗ» ЖШС бас директорының орынбасары Кадыролла Жумагулов.

Петицияны егжей-тегжейлі қарау үшін Жұмыс тобының мүшелері зауыттың өндірістік барысымен танысты.

Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы бейнероликтің толық сілтемесі кейінірек ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.