Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы а.ж. 18 маусымында «Hyundai Trans Almaty» зауытына келді.
«Hyundai Trans Almaty» –Hyundai, Golden Dragon, Foton коммерциялық, автобус және мамандандырылған техника шығаратын толық циклді зауыт, «Astana Motors» компаниясының еншілес кәсіпорны.
2023 жылы Hyundai Trans Auto зауытында дәнекерлеу және бояу (СКD) арқылы жүретін шағын тораптық өндірістің екі желісі іске қосылды: бұл Hyundai жүк автокөліктерін шығаратын желі және Golden Dragon автобустарын шығаратын желі.
Сол жылы 425 қала автобусы және 200 Golden Dragon мектеп автобусы шығарылған. Жүк, коммуналдық және арнайы техниканың толық модельдік қатары, Hyundai Pavise базасындағы өрт автоцистерналары және Foton базасындағы жедел әрекет ететін өрт сөндіру автокөліктері өндірілген. CKD әдісімен Hyundai Porter жүк автокөлігі өндірісін іске қосу жоспарланды.
Петицияны егжей-тегжейлі қарау үшін Жұмыс тобының мүшелері республикалық БАҚ өкілдерімен бірге зауыттың өндірістік барысымен танысты. Жұмыс тобының сапарын қазақстандық ақпарат агенттіктері тікелей эфирде көрсетті.
Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.
Петиция бастамашылары мен белсенділерінің кәсіпорынды аралау жөніндегі Жұмыс тобының кездесуіне келмегенін ескерген жөн.
Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы бейнероликтің толық сілтемесі кейінірек ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.