Арқалық қ. су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға «ақылды» үй салынып жатыр

Арқалық қ. су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға «ақылды» үй салынып жатыр

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды бақылайды.

Ағымдағы деректер бойынша Арқалық қ. 94 тұрғын үй апатты деп танылған. Зардап шеккен азаматтарға 68 пәтер сатып алынды, 418 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Әрбір отбасына баспанасын қалпына келтірудің бірнеше нұсқасы ұсынылды: өз бетінше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ақшалай өтемақы, жаңа үй сатып алу немесе жөндеу жұмыстары.

Сонымен қатар, Арқалық қ. су тасқыны салдарынан баспанасынан айрылғандар азаматтарға 50 пәтерлі «ақылды» үй салынуда. Тұрғын үйді «BAZIS» компаниялар тобы өз қаражатына салып жатыр.

«Тұмар» символдық атауы бар жаңа тұрғын үй Face ID бейне есік қоңырауларымен жабдықталған. Үй құрылысы мамыр айының ортасында басталған. Нысанды күзге қарай пайдалануға беру жоспарланған.