2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына 218 млрд теңге көзделген

2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына 218 млрд теңге көзделген

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі ҚР Үкіметінің отырысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясы туралы айтты.

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты сумен қамтамасыз ету қалаларда 98,9%-ды, ал ауылдарда 96,6%-ды құрады. 9 өңірде қала тұрғындары сумен 100% қамтылған. Маңғыстау облысында ауыл тұрғандары толықтай болса, Атырау және Алматы облыстарында халықтың 99%.

Биылғы  жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысы мен реконструкциясына республикалық бюджеттен 324 жобаны іске асыруға 218 млрд теңге көзделген. Оның 106 млрд теңгесі қалаларға және 112 млрд теңгесі ауылдарға бағытталады.

«Бұл жобаларды іске асыру есебінен 2024 жылдың аяғына дейін қала тұрғындарының 99,5%-ын және ауыл тұрғындарының 97,8%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Министр еліміздегі 89 қаланың 65 толықтай сумен қамтылғанын да айтты. Биылғы жылдың соңына дейін Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Екібастұз және Шардара қалалары толықтай сумен қамтамасыз етіледі. Ал 2025 жылы 19 қаланыңтұрғындарын 100%-ға қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Осындай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қалалардағы су желілерінің құрылысы бойынша 83 жобаны іске асыру міндеті тұр. 27 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін, ал 28 жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Ағымдағы деректер бойынша 6 256 ауылдың 5 130 ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1126 ауылды 2025 жылдың соңына дейін қамтуқажет. Оның ішінде, 316 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.