«Гагаринское» кен орнының сульфидті кенінің технологиялық көрсеткіштерін арттыру

«Гагаринское» кен орнының сульфидті кенінің технологиялық  көрсеткіштерін арттыру

Күрделі құрамды сульфидті кендерді өңдеу мәселесі Қазақстанда да, бүкіл әлемдегідей әзірге өзекті күйінде сақталып отыр. Қазіргі уақытта барлық құнды компоненттерді алуға арналған әмбебап технология жоқ. Күрделі құрамды сульфидті кендерді өңдеудің тиімді әдістерін әзірлеу көптеген тау-кен кәсіпорындары үшін маңызды міндет болып табылады.

Осындай кендердің бірі құрамында қорғасын, мырыш, алтын және күмісі бар «Гагаринское» кен орнының сульфидті кені болып табылады.     «Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК  филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі» ғалымдары осы кеннің өңдеу технологиясын әзірлей алды.

Технология гравитация-флотациялық байытуды және сорбциялық циандауды қамтиды. Өңдеудің бұл әдістер жиынтығы қорғасын концентратының сапасын 4,3%-ға жақсартуға және мырыш өндіруді 5,6%-ға, алтынды 8,8%-ға және күмісті 15,5%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Әзірленген технология қолдансқа берілуге дайындықтан өту кезеңінде. Технология Қазақстанның басқа кәсіпорындарында да кендердің ұқсас түрі үшін пайдаланылуы мүмкін.