Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 398 үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 398 үйдің құрылысы басталды

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министріҚанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысынажұмыс сапары аясында су тасқынынан зардапшеккен үйлерді бағалау және техникалықбайқаудан өткізу бойынша кеңес өткізді.

Сондай-ақ құрылысшыларды қажеттікөлемде құрылыс материалдарыменқамтамасыз ету және жаңа құрылысалаңдарына бөлінбеген нысандардыорналастыру мәселелері де талқыланды.

Қазіргі мәліметтер бойынша БатысҚазақстанда қазірдің өзінде 398 үйдіңқұрылысы басталып, 726 үйде жөндеужұмыстары жүргізілуде, 57 үй сатып алынған.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі таңда 2761 нысанда техникалық байқау аяқталып, нәтижесінде 401-ін қайта салу, 1063-ін сатып алу туралы шешім қабылданып, қалған нысандар жөндеуге жатады деп танылды.

Анықтама үшін. Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 4041 үй зардап шексе, оның 1491-і тұрғын үйлер және 2550-і саяжайлар, жалғыз баспана болған.

Министр сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы бөлуге көмектесуге ниет білдірген бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Министр олардың азаматтық ұстанымдары мен бүгінде қаржылай қолдауға зәру отандастарымызға деген қамқорлығы үшін алғысын білдірді.