Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалану және салаға инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалану және салаға инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің өкілдері ШҚО бірнеше ауданының тұрғындарымен кездесіп, жер қойнауын пайдалану және өңірге инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Облыста бірнеше өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылуда.  Атап айтқанда, Самар өңірінде 2006 жылдан бері барлау жұмыстары жүргізілуде, мұнда «Каскад-Н» ЖШС алтын өндіру зауытын салуды жаспарлауда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан кәсіпорынның ашылуы жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Тиісті әлеуметтік жәрдемақылар да беріледі. Самар ауданындағы жоба әзірлеудің барлық сатыларынан өтті және экология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманың стандарттарына сәйкес келеді.

Жиында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов алтынды цианидтеу қаупі туралы аңыздарды жоққа шығарды. Бұл халықаралық тәжірибе екенін атап өтті. Іс-тәжірибе әлемнің озық елдерінде қолданылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Тұрғындардың айтуынша, қазу жұмыстары жайылымдарды бүлдіріп, карьерлерге түскен мал өледі. Облыста мұндай 200-ге жуық орын бар.

Мамандар кеншілердің жұмысының заңдылығын тексереді. Жалпы, қоғамдық бақылау күшейтілетін болады.

«Қоғамдық бақылауды жүзеге асыруымыз керек. Кез келген инвестор бір іспен айналысуы үшін барлық жобаларды бірге бақылайық. Жобалардың сапалы орындалуын қадағалап, талап етейік», – деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Марқакөл ауданының тұрғындары басқарма өкілдеріне шалғай елді мекендерге инвестор тарту туралы өтінішпен жүгінді. Олардың ойынша, жаңа кәсіпорындардың ашылуы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартады. Бұл ұсынысты Самар және Күршім аудандарының тұрғындары қолдады.

«Ақша табу үшін бір жерге барғанша, өз ауылында тұрақты жұмыс болғаны абзал. Болашақта балаларымызға барлық жағдай жасалса, олар осында жұмыс істейтін болады», – деді Самар ауданының тұрғыны Нұрлан Ережепов.

Глубоковский ауданы, Белоусовка ауылында өткен жылы кеніштегі жұмыс тоқтап, ол тиімсіз деп танылған. Көптеген жергілікті тұрғындар жұмыссыз қалды. Вице-министрге Белоусовка тұрғыны Анна шахталар пен жұмыс орындарын сақтау мәселесін қарастыруды өтінді.

«Біз сізбен ниеттеспіз, кен орны жұмыс істеуі керек. Бүгінде біз жұмысты қалпына келтіру және жалғастыру, сондай-ақ кен орнын игеру бойынша шаралар қабылдаудамыз», – түсіндірді Иран Шархан.

Облыста полиметалл кендерін барлау, өндіру мен өңдеумен айналысатын мыңнан астам орта және ірі өнеркәсіп кәсіпорындары шоғырланғанын айта кету керек.