Қазақстан мен Корея: сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан мен Корея: сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен а. ж. 23 мамырында Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы өтті.

Қазақстан мен Корея мемлекетаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ие, ол стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген түрлі деңгейдегі кездесулердің қарқындылығымен қолдау тапты.

Қанат Шарлапаев екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың өнеркәсіптік кооперация сегментінде айтарлықтай нығая түскенін атап өтті. Қазіргі уақытта 4,7 мың. астам жұмыс орнын құрумен жалпы құны 854,4 млн АҚШ доллар болатын 15 бірлескен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қазақстанда 7 жоба сәтті жүзеге асырылды, сомасы – 188,9 млн АҚШ доллар, бұл 2,7 мың. астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Оның ішінде автобустар, жүк көліктері мен лифттер шығару жобалары бар.

Машина жасау және тау-кен металлургия өнеркәсібінің әлеуетін атап өткен жөн. 2023 жылы «Daewoo Bus Global Corporation», «Hyundai», «KIA», «Youngsan Glonet Corporation» және т.б. компаниялардың қатысуымен Қазақстанның электротехника өнеркәсібіндегі өнім шығару көлемі 8,4 млрд АҚШ долларына жетті. Ал 2023 жылы Корея Республикасына 55,4 млн доллар сомасына 34,1 мың тонна ферроқорытпа экспортталды. Павлодар облысында «Mineral Product International» ЖШС мен «SIMPAC Group» арасындағы бірлескен ферроқорытпаларды өндіру бойынша жоба да әзірлеу сатысында.

«Қазақстан Корея Республикасымен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытудың үлкен болашағын көріп отыр. Бүгінгі кездесу екіжақты күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелерді сындарлы түрде талқылауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді министр.

Сонымен қатар, электр энергетикасы жүйесінің дамуы атап өтілді, соның нәтижесінде Қазақстан тарапы энергетика саласында ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді және кореялық компанияларды жаңа электр станцияларын жаңғырту және салу жобаларына қатысуға шақырды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі