«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мен «MAURER SE» компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуде

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ  мен  «MAURER SE» компаниясы ынтымақтастықты кеңейтуде

«MAURER SE» неміс компаниясының басқарушы директоры Хольгер Редекер «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-на  іс-сапармен келді. Кездесу барысында тараптар азаматтық және өндірістік мақсаттағы құрылыстарды техникалық нормалауды, жобалауды, салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды ескере отырып, сейсмикалық оқшаулау жүйелерін тәжірибеге енгізуді талқылады.

Хольгер Редекер институттың құрылыстағы заманауи ақпараттық технологияларды әзірлеу мен іске асырудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

«MAURER SE» кәсіпорындар тобы 1876 жылы құрылған, ол жүктемелердің орын ауыстыруы мен таратылуына байланысты жабдықтар және ғимараттарды қорғау жүйелерін әзірлеу мен өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы.  Құрамалар, көпірлер мен күрделі динамика жүктелген құрылыстардың күшін реттеу – компания қызметінің маңызды бөлігі. Құрылыстарды зақымданудан қорғау және құрылымдық шешімдерін оңтайландыру бойынша  жердің сілкінуінен, көліктерден немесе климаттық әсерлерден туындайтын өзгерістер арнайы өнімдерді қолдану арқылы реттеледі. Оларға деформациялық тігістер, тірек бөліктері, қозғалысты тоқтатушы, жер сілкінісінен қорғайтын және тербелісті болдырмайтын құрылғылар жатады.

Былтырғы жылы екі жақты келісім аясында институт мамандары Мюнхендегі «MAURER SE» жер сілкінісін оқшаулау жүйелері мен тербелістерді тыныштандыратын құрылғылар зауытына барып,  азаматтық ғимараттар үшін сейсмикалық оқшаулау жүйелерін есептеу және іріктеу бойынша оқытудан өткенін айта кеткен жөн.

Кездесудің қорытындысы бойынша неміс компаниясының өкілі тәжірибе алмасу меморандумы шеңберінде «MAURER SE» базасында мамандарды оқыту бағдарламасын әзірлеуді және жер сілкінісінен қорғауды қамтамасыз ететін озық жабдықтарды жеткізу мен пайдалану бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев шетелдік компанияға сейсмикалық қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі