Қанат Шарлапаев Ақмола облысында болды

Қанат Шарлапаев Ақмола облысында болды

А. ж. 9 мамырында Өнеркәсіп және құрылыс министрі ҚанатШарлапаев Ақмола облысында болып, су тасқыныныңзардаптарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысынқадағалады.

 

Сапар аясында Министр Атбасардың су басқан аумақтарынаралап көрді, онда оған келтірілген залалдың нәтижесі туралыхабарлады. Мұнда 374 үй зақымданды, 248 үйге сараптамажүргізілді, оның 77-сі қауіпті деп танылып, 171-і жөндеуді қажетететіні анықталды. Зардап шеккендерге арналған 100 пәтерлік екіүйдің құрылысы аяқталуға жақын. Министр  үйлердің құрылысыбарысымен, сондай-ақ көшені су басу қаупін алдын алумақсатында С.Сейфуллин көшесінде су өткізгіш құбыры бар жолды салу жобасымен танысты.

 

Қанат Шарлапаев Көкшетауға барып, облыс  әкімі Марат Ахметжановпен бірге су тасқыны салдарынан бұзылған апаттытұрғын үйлер мен жеке үйлерді аралап көрді. Сонымен қатар, Қылшақты өзенінің бойындағы үйінді топырақты көріп, біріншіқабаты су басқан жөндеуді қажет ететін қалалықбалабақшалардың біреуіндегі жұмыстар барысымен танысты.

 

Министр зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеужөніндегі жұмыстармен, тұрғын үйлердің жай-күйімен, келтірілген залалдың нәтижелерімен және қажетті қосымшақұрылыс жұмыстарымен танысты.

 

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, тұрғындардыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны аймақтарынанқоныстандыру мақсатында Атбасар қаласында екі 100 пәтерлі,Бұланды және Жарқайын аудандарында 87 жеке тұрғын үй салу және Көкшетау қаласында дайын 89 пәтерді сатып алужоспарлануда. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 тұрғын үй сатыпалу жоспарланған.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі