Машина жасау саласында өндірістің өсуі: ұлғайту шаралары мен құрастырудың күрделі деңгейіне көшу

Машина жасау саласында өндірістің өсуі: ұлғайту шаралары мен құрастырудың күрделі деңгейіне көшу

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде машина жасау саласындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпаратпен бөлісті.

         «Машина жасау саласында ағымдағы жылдың 3 айында өндірістің өсуі 24,9%-ды құрайды», – деді Қанат Шарлапаев.

         2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың бірлікке дейін, жеңіл автомобильдерді 160 мың. бірлікке дейін, сондай-ақ теміржол машина жасау тауарларын: жолаушылар вагондарын 100 бірлікке дейін, локомотивтерді 120 бірл., платформаларды 500 бірл. дейін, жартылай вагондарды 1,5 тыс. бірл. дейін ұлғайту жоспарлануда.

         Кластер шеңберінде жобаларды іске асыру теміржол машина жасаудағы оқшаулау деңгейін арттыруға, оның ішінде жолаушылар вагондары өндірісіндегі оқшаулау деңгейін 2030 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Тұрмыстық техника өндірісін қытайлық «HKC Corporation» компаниясы және оңтүстік Кореяның «Samsung Electronics» компаниясы сияқты жаңа инвесторларды тарту арқылы Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, автомобиль жасауда автокөлік құралдарын құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне кезең-кезеңімен көшу бойынша шаралар қабылдануда.

Министр автокөлік өндірушілерінің алдында шағын торапты құрастыру үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50%-ға дейін ұлғайту бойынша міндеттемелер тұрғанын атап өтті.

Осымен қатар, Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталуда.

         Бұдан басқа, көлік құралдары үшін пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарлануда.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі