Олжас Сапарбеков Аньхой провинциясының өкілдерімен кездесті

Олжас Сапарбеков Аньхой провинциясының өкілдерімен кездесті

2024 жылғы 26 сәуірде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Аньхой провинциясы губернаторының орынбасары Сунь Юнмен кездесті.

Аньхой провинциясының Халық үкіметі делегациясының құрамында халықаралық сауда, мәдениет, туризм және Қытай провинциясының сыртқы байланыстар саласының өкілдері болды.

Кездесу Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өтті.

Талқылау барысында өнеркәсіп пен құрылысты дамытудың негізгі аспектілері, сондай-ақ экономиканың басқа салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері атап өтілді.

Вице-министр мұндай кездесулердің екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесу аясында тараптар ағымдағы жобалар бойынша пікір алмасып, бірлескен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Нәтижелі кездесу Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге екі жақтың мүдделі екендігін көрсетеді.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі