Жер қойнауын пайдаланушылар бұдан былай жұмыстар мен қызметтердегі тауарларды жасыра алмайды

Жер қойнауын пайдаланушылар бұдан былай жұмыстар мен қызметтердегі тауарларды жасыра алмайды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер қабылдады.

Аталған Қағидаларда отандық тауар өндірушілерге (бұдан әрі – ОТӨ) бұрын жұмыстар мен қызметтерде жасырылған және импорттық жеткізушілерден сатып алынуы мүмкін жер қойнауын пайдаланушыларға өз өнімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қағидалар жер қойнауын пайдаланушылар барлық тауарларды жұмыстардан/қызметтерден шығаруға және тауардың құнын ескере отырып, ОТӨ өтінімдерін қарауға міндеттейді.

Бұл ретте жабдыққа (техникаға) кепілдік және сервистік қызмет көрсету шарттары шеңберінде сатып алынатын немесе өндірістің зиянды және қауіпті учаскелерінде экологиялық және жеке қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға бұл қағидалар қолданылмайды.

Бұл бұйрық 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 154 тіркелді (ҚР Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 34300 тіркелді).

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі