Қазақстан мен ҚХР: электромобиль сегментінің даму болашағы

Қазақстан мен ҚХР: электромобиль сегментінің даму болашағы

А. ж. 25 сәуірінде Қазақстан мен ҚХР арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды дамыту мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мен Фуцзянь провинциясы губернаторының орынбасары Ван Цзиньфу кездесті.

         Кездесуге Қытай тарапынан Фуцзянь провинциясы бас хатшысының орынбасары Юоу Сиде, Фуцзянь провинциясы сауда департаменті директорының орынбасары Лю Депэй және Чуанчжоу мэрінің орынбасары Ван Чжихон қатысты.

         Қазақстан мен Қытайдың әртүрлі салаларда табысты жобалардағы әріптестіктің оң тәжірибесі бар. Машина жасау саласында бұл «JAC», «YUTONG», «LOVOL», «YTO», «DONG FENG» және «Golden Dragon» өндірушілерінің автомобильдер, автобустар мен жабдықтардың өндірісі. Сондай-ақ, «China Glass Int.» серіктестігі арқылы Қызылорда облысында шыны өндірісін, «CNCEC» ірі компаниясы серіктес болып табылатын полипропилен өндіру бойынша газ-химиялық кешеннің іске қосылуын атап өткен жөн.

         Кездесу барысында Фуцзянь провинциясы компанияларының Қазақстанның индустриялық дамуына қатысу мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.

Қытай тарапы Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық және маңызды әріптес екенін атап, осылайша ашықтық пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын көрсетті.

Машина жасау секторының тұрақты өсуіне, сондай-ақ Қазақстан электролиз зауыты, Ақтоғай және Бозшакөл сияқты жобаларды жүзеге асырудағы «NFC»-мен серіктестіктің табысты тәжірибесіне байланысты Қазақстанда электромобильдерге арналған литий-ионды батареяларды шығару туралы ұсыныс айтылды.

Тараптар сонымен қатар құрылыс, пайдалы қазбаларды өндіру және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі