АЖЗ: Шағын Гараждан Басталған Өндіріс

АЖЗ: Шағын Гараждан Басталған Өндіріс

Алматы желдеткіш зауытының негізін қалаушы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын «идеологиялық тұрғыдан дұрыс құрал» деп атап өтті. Марат БАҚҚҰЛОВТЫҢ айтуынша, мемлекеттің осындай қайтарымсыз қолдауы кәсіпорындардың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында «QazIndustry» АҚ мамандары Алматыдан 30 шақырым жердегі Қоянқұс ауылындағы жоғарыда аталған кәсіпорында болып, өндіріс барысымен танысып қайтты. Белгілі болғандай, АЖЗ тарихы 2008 жылы шағын гараждан, бір қызметкерден және 10 миллион теңгелік жылдық табыспен басталған.

Қазіргі күні Қазақстандағы өнеркәсіптік желдету жүйелерін шығаратын жалғыз кәсіпорын жылына 4 миллиард теңге табыс тауып, өнімдерін әлемдік нарыққа экспорттайды.

«Біздің зауыт жылына 50 мың дана кондиционер мен желдеткіш шығарады. 2020 жылы Қазан қаласында ТМД нарығына қызмет көрсететін зауыт аштық. Қазір қазақстандық LG үшін орталық кондиционерлерді шығарып жатырмыз. Бұл үлкен бөлмелерде - кеңселерде, сауда орталықтарында, мемлекеттік мекемелерде, ауруханаларда салқындату, жылыту, желдету және ауаны тазалауға арналған кондиционер жүйесі. Зауытта 140 жергілікті жұмысшы, 40 шетелдік маман жұмыс істейді», - дейді Марат Баққұлов.

Кәсіпорынның жұмысы толығымен автоматтандырылған.  Кәсіпорын Германия мен Италияда шығарылған озық техологиямен жабдықталған, қызметкерлер жаңа технологияларды меңгеру үшін шетелде оқытудан өткен.

АЖЗ өз өнімдерінің Ұлыбританияға экспортталғанын мақтан тұтады. Англиядағы мұнай-газ өнеркәсібіне арналған қазақстандық өрт сөндіру клапандары бірнеше сағат бойы өрт жарылыстары мен жоғары температураға шыдап, өз сапасын көрсетті.

Зауыттың маңызды клиенті - LG компаниясы болып табылады,                  АЖЗ аталмыш компания үшін тоңазытқыш жабдықтарына арналған салқындатқыш бөлшектерді шығарады. Кәсіпорын осындай бөлшектерді шығару үшін үш жыл дайындалған. Марат Баққұлов атап өткендей, «LG бізді өзгеруге мәжбүр етті, өйткені бұл әлемдік стандарттар, жоғары технологиялар».

Алматы желдеткіш зауыты еңбек өнімділігін арттыруға және цифрлық технологияларды енгізуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін QazIndustry арқылы өтеді. Мысалы, Tru Laser және Tru Flow екі станокты енгізгені үшін 92 млн теңге шығыны өтелді. Бұл екі өлшемді лазерлік кесу машиналары. Tru Laser-дің  артықшылығы – шығыны аз техникалық қызмет көрсетеді және қарапайым басқарылады.

«Біздің зауыт QazIndustry компаниясымен 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық ұсынатын өнеркәсіпті ынталандыру шаралары кәсіпорындарды қолдаудың тиімді тетігі болып табылады. Шығындарды өтеу

оларды жаңа технологияларды енгізуге ынталандырады. Көптеген шағын кәсіпорындарда цифрландыру үшін жеткілікті қаржы ресурстары жоқ. Шығындарды өтеу мүмкіндігі оларға осындай қадамды жасауға және сапалы әрі қымбат жабдықты сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтемақы шаралары қызметкерлерді оқытуға және олардың құзыретін арттыруға шетелдік мамандарды тартуға ынталандырады. Адами және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін Kaizen жүйесін енгізуге де мүмкіндік қарастырылған. Орталық шығындардың 40-60 пайызын өтейді. Бұл идеологиялық тұрғыдан дұрыс құрал», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпорын технологиялық процестің бірнеше кезеңдерін алмастыратын итальяндық қоймаларды автоматтандырылған басқару жүйесін сатып алуды жоспарлап отыр. АБЖ адами фактор арқылы кездесуі мүмкін  бөлшектерді жоғалту фактілерінің алдын алып,  оларды сөрелерге қоюға мүмкіндік береді және технологиялық процесті әлдеқайда тездетеді. Бұл жасанды интеллект. Мен еуропалық зауыттарға жиі барамын және шетелдік тәжірибені зерттеймін. Құны €179 мың еуро болатын итальяндық АБЖ сатып алу шығындарының бір бөлігін QazIndustry арқылы өтеуді жоспарлап отырмыз.  

«Елімізде білімді техникалық кадрлардың тапшылығы бар. Оларды оқыту ұзақ уақытты алады, сондықтан біздің кәсіпорындардың көпшілігі процестерді автоматтандыруға көшуге мәжбүр. Роботтар біліктілігі төмен жұмыс күшін ауыстырады. Нәтижесінде бәсекеге қабілеттілік артады-өнім жылдам және үлкен көлемде шығарылады», - дейді Марат Баққұлов.

Кәсіпкер сонымен қатар Қазандағы зауытын БАӘ көшіруді жоспарлап отыр. Бұл өте үлкен мүмкіндіктерге жаңа қадам. Бұл жағдайда қазақстандық кәсіпорынның өнімі әлемдік нарықта бұрынғыдан да танымал болады.

«Жаңадан бастаған кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау өте маңызды. Осылайша олар дамып, кеңейе алады. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін Qazindustry компаниясына хабарласуды ұсынамын. Бұл қайтарымсыз көмек. Бір ғана міндеттеме бар - сіз өз табысыңызды арттыруыңыз қажет. Ал өндірісті жаңғырту арқылы әрі шығындарыңыздың бір бөлігі өтелген жағдайда, табыстарыңызда артатыны сөзсіз», - деп қорытындылады кәсіпкер.