Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы көлемі 2024 жылы 3,2 есеге ұлғайған

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы көлемі 2024 жылы 3,2 есеге ұлғайған

Үкімет отырысында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемінің ұлғаюы туралы айтты.

«Биыл біз халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етуге 339 млрд теңге бөлдік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 есе көп», – деді Министр.

Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев азаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әлеуметтік саясаты аясындағы Үкіметтің қолдау шараларының ауқымдылығын атап өтті.

Сондай-ақ Министр «Отау» және «Наурыз» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларына 330 млрд теңге бөлінегенін де айтты, бұл қазақстандықтардың баспана алуын айтарлықтай жеңілдетеді.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі