Орталық Азия мен Кавказда жер сілкінісі қаупін азайту және басқару бойынша семинар

Орталық Азия мен Кавказда жер сілкінісі қаупін азайту және басқару бойынша семинар

2024 жылғы 16-19 сәуір аралығында Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы базасында жапондық BRI (құрылыс зерттеулері институты), JSSI (жапондық сейсмикалық оқшаулау қоғамы) мамандарының, жапондық метеорологиялық агенттіктің, төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі EEWS жеке компаниясының өкілдерінің қатысуымен жер сілкінісі қаупін азайту және басқару бойынша семинар өтуде.

Семинарға Қазақ сейсмикаға төзімді құрылыс ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименттік институтының (ҚазҚСҒЗИ), ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының (СБжЗҰҒО), Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының (Орталық), ҚР СІМ жанындағы Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің (KazAID) мамандары, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ елдерінің (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) төтенше ведомстволарының, сейсмикаға төзімді құрылысының, сейсмикалық қауіпсіздігінің өкілдері қатысуда.

Семинардың мақсаты сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру және сейсмикаға төзімді құрылыс, жер сілкінісі қаупін азайту және басқару бойынша қолданыстағы тәжірибені жетілдіру үшін Орталық Азия, Кавказ және Жапония елдері арасында тәжірибе алмасу және өзекті ақпаратты талқылау болып табылады.

Жапон мамандары сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы көп жылдық тәжірибесімен бөліседі, сейсмикалық оқшаулау саласындағы инновациялық технологиялар мен стандарттар туралы айтып, сейсмикалық құрылыстағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылайды, сондай-ақ Алматы және Ното қалаларында орын алған жер сілкіністерін талқылайды.

Өз кезегінде ҚазҚСҒЗИ мамандары вибродинамикалық сынақтар жүргізу, құрылыс нормалары мен ережелерін жетілдіру, төлқұжаттау жүргізу саласындағы жетістіктерін көрсетті, соңғысының нәтижелері мен әдістемесі жапондық мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды.