Қазақстандағы су тасқынының зардаптарын жою: жедел топ мүшелері Батыс Қазақстан облысындағы ахуалмен танысты

Қазақстандағы су тасқынының зардаптарын жою: жедел топ мүшелері Батыс Қазақстан облысындағы ахуалмен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Мемсараптама» РМК Бас директоры Қуандық Қажкеновтың төрағалығымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғын үй мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру аясында жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысына барды.

Сапар барысында жұмыс тобының қатысушылары Қаратөбе және Сырым аудандарына барды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, «Мемсараптама» РМК сарапшы, жобалау және мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кеңес шеңберінде қысқа мерзімде объектілерді жобалау, сараптау және салу жөніндегі іс-шаралар жоспары айқындалды.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті жерде бірқатар нақты шешімдер қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, жедел жұмыс тобы қажетті ұсыныстарды қалыптастыру және ТЖ салдарынан зардап шеккен тұрғын үй мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру үшін Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына барады.