Қанат Шарлапаев зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысының барысын жеке бақылайтын болады

Қанат Шарлапаев зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысының барысын жеке бақылайтын болады

Ақтөбе облысына сапары барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын тексерді.

         Әкімдіктің мәліметінше, облыста 436 дайын жер телімі бар, оның ішінде Ойыл ауданында – 321, Қобда ауданында – 77, Әйтекеби ауданында – 22, Темір ауданында – 10, Ақтөбе қаласында – 6.

Министр жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Министр Қобда ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және 2023 жылы апаттан зардап шеккендерге арнап салынған 24 тұрғын үйді аралады.

         Бұл шаралар табиғи апаттарға тап болған азаматтарды қолдау жөніндегі кең ауқымды мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі