ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Ақниет Holding» өндірісімен танысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Ақниет Holding» өндірісімен танысты

Қанат Шарлапаев Түркістан қаласының шағын индустриялық аймағында орналасқан «Ақниет Holding» өндірістік кешенінде болды.

«Ақниет Holding» қоғамдық бірлестігі толық өндірістік циклі бар табысты жиһаз компаниясының үлгісі. Кәсіпорында 97 қызметкер жұмыс істейді, бұл өңірдегі жұмыс орындарын құруға және экономиканы дамытуға қосқан зор үлесін көрсетеді.

«Ақниет Holding» өндірістік қуаты жылына 34 000 жиһаз және 24 мың мектеп партасы жиынтығын құрайды, бұл ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп»ұлттық жобасы аясында мектептерге жиһаз жеткізіледі.

Министр «Ақниет Holding»-тің өнеркәсіпті дамытуға қосқан қомақты үлесін атап өтіп, еліміздің тұрақты экономикалық өсуі үшін мұндай кәсіпорындардың маңыздылығына тоқталды. Министрдің осы өндірістік нысанды аралауы ұжымның жұмысы мен жетістіктеріне берілген жоғары баға, сондай-ақ өнеркәсіп секторы мен әлеуметтік-бағдарланған бизнесті дамытудағы мемлекеттік қолдаудың дәлелі болды.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі