Министр Орталық Азиядағы жетекші трансформаторлар шығаратын «Asia Trafo» зауытында болды

Министр Орталық Азиядағы жетекші трансформаторлар шығаратын «Asia Trafo» зауытында болды

Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев Орталық Азиядағы трансформатор жабдығын шығаратын ірі зауыттардың бірі – Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «Asia Trafo» зауытының жұмысымен танысты.

«Asia Trafo» зауыты 110, 220 кВ май трансформаторлары мен шунттық реакторлар шығаруға маманданған, сонымен қатар өндірісін 500 кВ-қа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобалық қуаттылығы жылына 120 трансформаторды құрайтын зауыт Қазақстан Республикасында бірінші болып трансформаторлардың осы желісін шығарып, оның инновациялық әлеуетін көрсетеді.

Өндіріс үрдістері Швейцария мен Германияның жетекші еуропалық өндірушілерінің заманауи жабдықтарымен жабдықталған және өнімдер барлық еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, зауыт Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ сынақ зертханасын пайдалануға берді.

Бүгінгі таңда «Asia Trafo» зауытында 220 жұмыс орны құрылған, болашақта жұмысшылар санын 1000-нан астам адамға жеткізуді жоспарлап отыр.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс  министрлігінің баспасөз қызметі