Қанат Шарлапаев «Оңтүстік» ИА аумағындағы «QazAlPack» ЖШС жобасымен танысты

Қанат Шарлапаев «Оңтүстік» ИА аумағындағы «QazAlPack» ЖШС жобасымен танысты

Бұл жоба Қазақстан мен Орталық Азияда алюминийден жасалған сусын құтыларын шығаруды бастаған алғашқы жоба. Зауыт шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті 80%-ға төмендетуге көмектесті және 330-дан астам жұмыс орнын ашты. Өндіріс процесі жоғары сапалы өнімдерді қамтамасыз ету үшін озық технологияны пайдаланады.

Зауыт жылына 1,2 млрд банка мен 1 млрд қалпақ шығарады. Осы жобаның арқасында «QazAlPack» алюминий қаптамасы экологиялық таза таңдау болып, Қазақстанның инновациялық индустриядағы көшбасшылығын көрсетеді.

Жалпы, «Оңтүстік» аумағынан 103,9 млрд. теңге сомасына 81 жоба іске асырылды, 4,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Іске асыру сатысында 460-тан астам жұмыс орнын құрумен 3,6 млрд теңгені құрайтын 19 жоба бар.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс  министрлігінің баспасөз қызметі