ҚР Парламенті Мәжілісінде ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру туралы заң жобасы таныстырылды

ҚР Парламенті Мәжілісінде ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру туралы заң жобасы таныстырылды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Парламент Мәэжілісінің жалпы отырысы барысында 2023 жылғы 24 мамырда мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жайында шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасымен таныстырды.

Бұл хаттама ЕАЭО бюджет қаражатын пайдалана отырып, өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды қаржыландыруға негіз болады.

Қаржыландырудың жаңа механизмі мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының қажеттіліктеріне жауап ретінде ЕАЭО аясында өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға елеулі қолдау көрсетіп, кәсіпорындарға өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық қаржылық көмек тетігінің мерзімі бес жылды құрайды әрі ұзарту мүмкіндігі болады. Қаржыландыру арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждар түсімінің 10%-ы есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұл механизм ұлттық қаржы ұйымдары мен Еуразиялық даму банкіне ұлттық банктер белгілеген базалық мөлшерлеменің 100%-ы көлемінде, коммерциялық несиенің мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің 6,5%-ынан аспайтын субсидиялар беруді көздейді.

Жобаны іріктеу критерийлеріне кемінде үш мүше мемлекеттің кәсіпорындарының қатысуы және жобаны 5 жылдан аспайтын мерзімде іске асыру кіреді. Іріктеу мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен бірнеше кезеңде өтеді. Жобаны мақұлдау туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қабылдайды.

Бұл механизм жұмыс орындарын құруға, қосымша құны бар өнеркәсіп өнімдерін өндіруге және үшінші елдерге өнім экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі