QazIndustry ЕАЭО шеңберінде бизнес үшін мүмкіндіктер туралы кезекті ақпараттық жиналыс өткізеді

QazIndustry ЕАЭО шеңберінде бизнес үшін мүмкіндіктер туралы кезекті ақпараттық жиналыс өткізеді

Ағымдағы жылдың 28 наурызы күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіп саласының өкілдеріне ЕАЭО аясындағы бизнес-қоғамдастық үшін қарастырылған мүмкіндіктер мен тетіктерді түсіндіру мақсатындағы кезекті (үшінші) ақпараттық жиналыс ұйымдастырады.

Іс-шара сағат 10.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтеді.

Жиын барысында ЕАЭО шеңберіндегі кедендік-тарифтік реттеу және қорғау шаралары, мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін Еуразиялық тізілім, ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен кооперациялық жобалар үшін қаржылық жәрдемдесу тетіктері сияқты тақырыптарды талқылау жоспарлануда.

ZOOM-кездесуге қатысу арқылы бизнес өкілдері ЕАЭО шеңберіндегі қолданыстағы тетіктер мен құралдармен танысып қана қоймай, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алады.

Аталмыш семинарға қатысамын деушілер және семинарға қосылу үшін сілтеме алу үшін толық мәліметтерді (аты-жөні, ұйымы, лауазымы) b.salmukhametov@qazindustry.gov.kz поштасына жіберу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО аясындағы бизнес мүмкіндіктері туралы осындай кездесулер бұған дейін 29 ақпан мен 14 наурызда өткен болатын. Қатысушылар атап өткендей, мұндай іс-шаралар бизнесті кеңейтуге және халықаралық аренаға кіру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.