ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫНЫҢ XII ФОРУМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫНЫҢ XII ФОРУМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылғы 21 ақпанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен Қазақстан машина жасаушыларының XII форумын дайындау және өткізу жөніндегі жиналыс өтті.  Бұл машина жасаудың жетекші отандық және халықаралық өкілдерін біріктіретін жылдың осы саладағы басты оқиғасы. Шара жеке қаражатты тарту арқылы, мемлекеттік бюджеттің қаражатынсыз ұйымдастырылады.

Комитет жұмысына сала өкілдері, оның ішінде Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев, одақ басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов, одақ атқарушы дирекциясының директоры Өмірсерік Ержанов, «Astana Expo KS» ЖШС көрме компаниясының атқарушы директоры Қуаныш Қанапьянов және басқа да тұлғалар қатысты.

 

Министр Форумның қазақстандық машина жасау саласы үшін жылдың басты оқиғасы ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырумен байланысты міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.  Форумның 2024 жылғы 25-26 сәуір аралығында өтетін «Kazakhstan Machinery Fair 2025» Халықаралық мамандандырылған машина жасау және металл өңдеу көрмесімен синергеясына ерекше назар аударылады.  Бұл шара Қазақстанның және шетелдің мыңнан астам машина жасау өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары арасындағы диалог пен тәжірибе алмасудың орталық алаңына айналады.

 

Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы отандық машина жасауды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және инновациялар мен технологиялар саласындағы озық тәжірибе алмасуға ықпал ететін маңызды оқиға болмақ.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі