Қанат Мыңбаев Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қанат Мыңбаев Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

 

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып Қанат Тұрсынбайұлы Мыңбаев тағайындалды.

Қанат Мыңбаев 1978 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «мелиорациялық жұмыстарды механикаландыру» мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары «Құрылысконсалтинг «Ұлттық орталығы» ААҚ Қызылорда облыстық филиалының сарапшысы, «Теплотехникс-Build Consulting» ЖШС директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің лицензиялау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің Аттестаттау басқармасының басшысы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ШҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы, Қызылорда облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы,  Сырдария ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2017 жылдан бері ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының директоры лауазымында қызмет етті.