
Осы Ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді
Мемлекет басшысының Ауылдық жерлерде өз жұмыскерлері үшін тұрғын үй салуға жұмыс берушілердің шығыстарын өтеуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі субсидиялаудың тиісті қағидаларын әзірлепбекіттіБекітілген Ережелерге сәйкес ауылдакентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидиялау ала аладыБұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығындарын жабады.
Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.
Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.
Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 километрге дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.
Бекітілген ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастапалғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді
Қосымша ақпарат пен мәліметтерді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтынан алуға болады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі