Отандық минералды тыңайтқыш өндірушілері биылғы алғашқы жартыжылдықтың есебін жариялады

Отандық  минералды тыңайтқыш өндірушілері биылғы алғашқы жартыжылдықтың есебін жариялады

Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың негізгі өндірушілері «Қазфосфат» және «ҚазАзот» компаниялары саналады. Оларға тыңайтқыштар өндірісінің жалпы көлемінің 96%-дан астамы тиесілі

Қалған кәсіпорындар – «АМТ» АҚ, Talas investments Company ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» және «Қайнар» компаниясы тыңайтқыштарды ілеспе өнім ретінде өндіріп келеді.

Жарияланған есепке сүйенсек, биылғы 6 айда кәсіпорындар 337 мың тонна аммофос өндірген. Бұл 2022 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 56,1%-ға көп. Жағымды динамика «Қазфосфаттың» аумағында аммофос өндірісінің екінші желісінің іске қосылуымен байланысты болып отыр.

Аммиак селитрасының өндірісі былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамалы өсіп, 0,5%-ға (191 мың тонна) артқан.