Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ басқарды.
Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.
«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.
Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті.
«Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.
Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.
Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.
Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.
Ақпарат көзі: kazinform