Шақырылған спикерлер табысты кейстердің тәжірибесімен бөлісті және стартаптарды құрудың ең инновациялық тәсілдерін айтып берді.
Мастер-класс спикерлері табысты кәсіпкерге басшылыққа алуға қажетті құралдар туралы, стартаптың табысты дамуы үшін Индустрия 4.0 технологиясын қалай қолдану туралы, стартаптар үшін маркетингтің қандай стратегиялары және сатылымдары ең тиімді екендігін және 500 Startups акселераторына қалай кіру керектігін және Силикон алқабында инвестицияларды қалай тарту екендігі туралы айтып берді.
Спикерлердің бірі - әлемнің 60 елінде 500-ден астам компанияны инвестициялаған 500 Startups акслераторының серіктесі Марвин Лиао айтқандай, табысты стартап-жобасының дамуында негізгі сәт-қызметтерді тұтынушылардан кері байланыстыалу болып табылады.
«Сіздің әлеуетті клиентіңіз бен үнемі сөйлесіп, кері байланыс іздеңіз. Осының арқасында Сіз сіздің бизнесіңіз қандай кезеңде екенін, кемшіліктерді уақытында жою үшін жобада қандай қиыншылықтар бар екендігін әрдайым біле аласыз», - деп атап өтті Марвин Лиао.
Сондай-ақ, Yahoo-ның бұрынғы коммерциялық директоры өз бизнесі саласында беталыстар мен трендтерді бақылау қажеттілігін атап өтті. Мұндай тәсіл клиенттер үшін дұрыс өнім таңдауға, оны уақытында жақсартуға көмектеседі және өз жобаңыздың қызметтерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нақты түсінік береді.
Health IT- да ең ықпалды әйелдер рейтингісінің 10-дығына кіретін Татьяна Канзавеллидің пікірі бойынша, стартап жобасын жасау кезінде әріптестердің не үшін қажет екенін анық білу керек.
«Мен әрдайымсіз әріптесіз деген кезде, сізде үш слайд болуы керек деп айтамын. Біріншіде серіктеспен ынтымақтастықтың сізге әкелетін пайдасы туралы ақпарат. Екіншіде – сіз осы серіктестерге қандай пайда әкелесіз, оларға сіз не үшін қажетсіз. Үшінші слайд - сіздің серіктесіңізбен ынтымақтастығыңыз ортақ клиенттерге не береді. Егер сіздің компанияңызда осы үш сұраққа жауап болмаса, онда ынтымақтастық туралы ешқандай мәселе болмайды, өйткені табысты бизнес дәл осылай жұмыс істейді»,- деп есептейді 500 Startups акселераторының тәлімгері, Кремний алқабының инвесторы, Open Health Network IT-стартабының негізін қалаушы.
Сондай-ақ, мастер-класста өзінің стартап-идеяларымен тәжірибе жүргізу маңыздылығы туралы айтылды. Innopolis University тәлімгері, e-commerce және B2B саласындағы көптеген сәтті ғаламтор-стартаптардың негізін қалаушыМихаил Свердлов атап өткендей, тәжірибе неғұрлым көп болса, соғұрлым сәттілікке мүмкіндік көп болады. Бұдан басқа, спикер барлық стартаптардың мақсаты үздіксіз қозғалыс екенін айтады, «идея табысты бизнеске айналу үшін дамуы керек».
Мастер-класс технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру, технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылықты ынталандыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында өткізілді.
Іс-шараның көрсетілімінің жазылуын Агенттіктің Youtube каналында көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=y9waVhvuTu0).