Қазақстан делегациясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов бастап барды. Делегация құрамында ҚР ИДМ Тау-кен металлургиялық өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы Нұрмұхамед Аюпов және ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті жан-жақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Еркебұлан Боранбаева болды.
Сессия жұмысы басталғанша Болат комитетінің «Құрылымдық өзгерістерді жеңілдету» семинары өтті. Семинарға үкіметтің, өнеркәсіп және кәсіподақ өкілдері, сондай-ақ академиялық орта сарапшылары қатысты. Олар болат құю секторындағы құрылымдық өзгерістерге ықпал ететін саясатты талқылады. Семинар мақсаты - металлургиялық зауыттардың жабылуының түрлі әлеуметтік салдарларын тереңірек түсіну. Қатысушылар ресурстарды неғұрлым тиімді өндірістік бірліктер үшін қайта бөлуді қамтамасыз ету мақсатында қайта құрылымдаудың әлеуметтік салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, тиімсіз болат өндірушілерін жабуға көмектесетін саясатты талқылады.
Сессияда ЭЫДҰ-ның Экономикалық департаменті әлемдік экономика мен болат нарығының ағымдағы жағдайына шолу жасады. Соңғы деректерге сүйенсек, 2015 жылдан бастап алғаш рет әлемдік болат өндірісі өсім көрсете алады. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылатын жаңа ірі инвестициялық жобаларды қосқанда, 2019-2021 жылдар кезеңінде өндіріс көлемі 1,6% -ға өседі. ЭЫДҰ мәліметі бойынша, 2017 жылы әлемдегі болат өндірісі 2,250 млн. тоннаны құрады, қазіргі жағдаймен есептегенде 2018 жылы өндіру көлемі шамамен 2300 млн. тоннаға жетуі тиіс. Әлемде болат өндірісі үшін артық өндірістік қуат саладағы басты мәселе болып қала береді.
Бұдан бөлек, әлемдік экономика даму перспективалары, халықаралық болат нарығындағы жағдай және басқа да тақырыптар талқыланды. ЭЫДҰ болат комитетінің 85-ші сессиясының материалдары http://www.oecd.org/sti/ сайтында орналастырылған.
Фото ашық ақпарат көзінен