АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1172 ҮЙДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1172 ҮЙДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты. Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарту арқылы, 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді. 

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.