Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша дәстүрлі және онлайн форматта қабылдады. Қабылдауда Ақтөбе, Қостанай және Астана қалаларының тұрғындары болды.
Кездесу барысында азаматтар құрылыс жүргізушілердің нысандарды жобалау, салу, пайдалануға беру және аумақты абаттандыру кезінде тиісті нормаларды сақтау мәселелерін көтерді. Кәсіпкерлер техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын тексеру жөнінде сараптамалық жұмыстар жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу мүмкіндігіне қатысты жүгінді. Сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына жалға берілетін тұрғын үй ұсыну қағидаларына қатысты жайттар да қозғалды.
Министр барлық өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына сай толық түсініктемелер берді.