
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Польша Республикасының Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары, бас геологы Кшиштоф Галос бастаған поляк делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, тиісті ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы қос тараптың арасындағы шикізатты, аккумуляторларды тұрақты өндіру және құн тізбектерін құру саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде дамып келеді.
Өнеркәсіптік өзара іс-қимыл, заманауи технологияларды енгізу, өндірістік құзыреттерді дамыту және екі ел ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар тәжірибе алмасып, елімізде поляк құзыреттері мен технологияларын қолдану перспективаларын, сондай-ақ практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында әріптестік байланыстарды нығайтудың және перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру жөнінде уағдаласты.