Астанада Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) және елордада 12 қыркүйекте басталған «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аясында жалпы қалалық экологиялық сенбілік өтті.
Акцияға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 170 қызметкері қатысты. Олар Сығанақ көшесінің бойындағы аумақты тазалап, елорданы абаттандыруға және қаланың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Сенбілікке мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Астана тұрғындары да қатысты. Қатысушылар қаланың аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциялары қалалық ортаның тазалығын сақтау, елорданы абаттандыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.