
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов RUKHTYLAR және «Не молчи, сирота» қоғамдық қорларының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде тұрғын үйді бөлудің қолданыстағы тетіктері, азаматтарға қойылатын негізгі шарттар мен талаптар талқыланды.
Тұрғын үймен қамту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге, олардың қолжетімділігі мен баспанаға мұқтаж жандарға берілу ісін күшейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қоғамдық қорлардың өкілдері өз ұсыныстарын жеткізіп, адамдардың іс жүзінде кездесетін түйткілді мәселелерін атап өтті.
Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер зерделеніп, қолданыстағы заңнама шеңберінде қаралатын болады.