ҚТӨ тізілімінде тауарларды ұлттық тауарлар каталогына байланыстырып енгізілу жүргізіледі

ҚТӨ тізілімінде тауарларды ұлттық тауарлар каталогына байланыстырып енгізілу жүргізіледі

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тауар өндірушілер Тізілімі» ақпараттық жүйесінің (e-ondiris.gov.kz, бұдан әрі – ҚТӨ Тізілімі) функционалының алдағы уақытта жаңартылатынын хабарлайды.

Жаңарту шеңберінде ҚТӨ Тізіліміне өнімдерді қосу кезінде өндірушілерге Ұлттық тауарлар каталогынан (nct.gov.kz, бұдан әрі – ҰТК) тиісті тауар позициясын таңдау қажет болады. Осылайша, мәлімделетін әрбір тауар ҰТК-да алдын ала тіркеліп, бірегей NTIN кодына ие болуы тиіс.

Бұл өзгеріс тауарлар туралы мәліметтерді біріздендіруге, өнім атауларындағы қайталанулар мен айырмашылықтарды болдырмауға, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерде тауарларды сәйкестендірудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге бағытталған.

ӨНДІРУШІЛЕР НЕ ІСТЕУІ ҚАЖЕТ

Өндірушілерге алдын ала мынадай жұмыстарды жүргізу ұсынылады:

  1. Ұлттық тауарлар каталогында өндірілген тауарлардың бар-жоғын тексеріңіз. (kz).
  2. Егер қажетті элемент болмаса, тауарды ҰТК-де тегін тіркеп, NTIN код алыңыз.
  3. ҰТК-де тіркелген тауар туралы мәліметтің ҚТӨ Тізіліміне енгізілетін немесе бұрыннан бар өнімдерге сәйкестігін тексеріңіз.

 

НЕГЕ БҰЛ МАҢЫЗДЫ

ҚТӨ Тізілімін Ұлттық тауарлар каталогымен байланыстыру Қазақстан Республикасында тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ететін бірыңғай сандық экожүйені қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Бірыңғай NTIN сәйкестендіру кодын пайдалану КТӨ Тізіліміндегі мәліметтердің дұрыстығын арттыруға, қазақстандық өндірушілердің өнімдерін дұрыс сәйкестендіруге, сондай-ақ Тізілімнің сатып алу жүйелерімен және басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциясының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Министрлік қазақстандық тауар өндірушілерге өз өнімдерінің Ұлттық тауарлар каталогында бар-жоғын алдын ала тексеруді және қажет болған жағдайда оларды тіркеп, NTIN кодтарын алуды ұсынады.

Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгерістер енгізілген).