Қазақстан мен Қытай Ақтауда бу-газ қондырғысын салу жобасын іске асыру мәселесін талқылады

Қазақстан мен Қытай Ақтауда бу-газ қондырғысын салу жобасын іске асыру мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Қытай Халық Республикасынан келген инвестор компанияның өкілдерімен кездесті.

Тараптар «Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу» жобасын іске асыру, оның ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы бейімдеу және мемлекеттік сараптамадан өткізі мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан тарапы жобалау және құрылыс саласындағы заңнама талаптарын түсіндірді. Атап айтқанда, шетелдік жобалық құжаттаманы бейімдеу оны Қазақстанда қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге, оның ішінде қауіпсіздік және баға белгілеу талаптарына сәйкестендіруді көздейді.

Сондай-ақ қатысушылар ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың және оларды іске асыру мерзімдерін оңтайландырудың заңнамада көзделген тетіктерін қарастырды. Мұндай құралдардың бірі – жобалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде жобаны қолдауға мүмкіндік беретін сараптамалық ұйымдардың консультациялық қызметтері.

Бұған дейін жобаны іске асыру мәселелері қытай тарапының өкілдерімен өткен жұмыс кеңесінде талқыланып, тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілген-ді.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жобаны іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.