Маңғыстау облысында үлестік құрылыстың проблемалық нысандары бойынша мәселелерді шешу барысы қаралды

Маңғыстау облысында үлестік құрылыстың проблемалық нысандары бойынша мәселелерді шешу барысы қаралды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Ақтау қаласына жұмыс сапары аясында үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аралады.

Аралау барысында Комитет төрағасы бес тұрғын үй кешеніне барды. Атап айтқанда, «Лепес Примера», «Атамекен», «Султан», «Аққала» және «Мұрагер» тұрғын үй кешендері қамтылды.

Әр нысанда Бақытжан Жүнісбеков құрылыс жұмыстарының қазіргі жай-күйімен және өзекті мәселелермен танысты. Жергілікті атқарушы органдар мен жауапты ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, құрылыс жұмыстарын аяқтаудың ықтимал тетіктері және азаматтардың мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.

Нақты шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар әрбір тұрғын үй кешені бойынша қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, алдағы іс-қимыл алгоритмін және туындаған мәселелерді шешу үшін қажетті шараларды талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тараптарға тиісті тапсырмалар берілді. Проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау мәселелері Комитеттің бақылауында.