Қазақстан мен Индонезия өнеркәсіп саласындағы жаңа жобаларды дамытуға ниетті

Қазақстан мен Индонезия өнеркәсіп саласындағы жаңа жобаларды дамытуға ниетті

Қазақстан мен Индонезия өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, технологиялар трансферін және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұловтың Индонезия Республикасының елшісі Мохамад Фаджрул Рахмановпен және «PT DAHANA» компаниясы бас директорының қатысуымен өткен кездесуде айтылды.

 

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы перспективалы ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Технологиялар трансферіне, жаңа өндірістер құруға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Рахымжан Исақұлов Қазақстан тарапының заманауи технологияларды тартуға және шетелдік серіктестердің қатысуымен жаңа өндірістерді дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз технологиялар трансфері мен құзыреттер алмасудан бастап, жаңа өндірістерді іске қосу және нақты жобаларды жүзеге асыруға дейін практикалық сабақьасьығы бар ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Қазақстан заманауи технологиялар мен өндірістік құзыреттерге ие шетелдік компаниялармен өзара іс-қимыл жасауға ашық», – деді вице-министр.

Сонымен қатар тараптар «PT DAHANA» компаниясымен өзара іс-қимыл перспективаларын және оның құзыреті мен тәжірибесін ескере отырып, жобаларды одан әрі пысықтау мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға және одан әрі өзара іс-қимыл шеңберінде нақты жобаларды қарастыруға уағдаласты.

Халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және озық технологияларды тарту Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.