
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов спортшыларды құттықтап, оларға лайықты марапаттарын табыстады.
Жарысқа орталық мемлекеттік органдардың атынан 27 команда қатысып, спорттың әртүрлі түрлері бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша футзал командасы командалық ойын көрсетіп, лайықты нәтиже тіркеп, III орынға ие болды.
Сондай-ақ команда өкілі Бағдаулет Нұрберген қазақ күресінен өз салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, I орынды иеленді.
Сонымен қатар шахмат командасының өкілдері V орынға ие болды.
Қуандық Қажкенов жүлдегерлерді қол жеткізген нәтижелерімен құттықтап, кәсіби қызметте де, спортта да алдағы уақытта толағай табыстар тіледі.
Осындай спорттық іс-шараларға қатысу салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты дамытуға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.