
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.
2026 жылғы 4 маусымдағы № 283 Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы бұйрық шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 138 мыңнан астам блокты қамтитын аумақтар ашылды.
Өтініштер 2026 жылғы 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін Бірыңғай жер қойнауын пайдаланушылар платформасы (БЖП) арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
Бір блокқа (блоктарға) екі және одан да көп өтініш келіп түскен жағдайда, тиісті аумаққа жер қойнауын пайдалану құқығы аукцион қорытындылары бойынша беріледі.
Ашылған аумақтардың тізбесімен және тиісті бұйрықпен келесі сілтемеге өтіп танысуға болады