Қуандық Қажкенов «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кеңес өткізді

Қуандық Қажкенов «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», Қазақстан
құрылыс салушылар қауымдастығы және құрылыс бизнесінің өкілдерінің қатысуымен
жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесу барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жекелеген нормативтік-техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары қаралды.

Кеңесті аша отырып, Қуандық Қажкенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі салалық
заңнаманы және мемлекеттік нормативтерді жетілдіру мақсатында бизнес өкілдерімен
тұрақты түрде ашық диалог жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол бүгінгі
кездесу ағымдағы жылдың маусым айында «Атамекен» ҰКП алаңында өткен кеңейтілген кеңесте басталған бірлескен жұмыстың жалғасы екенін айтты.

Талқылау барысында Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері
нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Жекелеген мәселелер бойынша тараптар өзара түсіністікке қол жеткізді, ал кейбір
бастамалар уәкілетті мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың қатысуымен
қосымша пысықталатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қуандық Қажкенов «Атамекен» ҰКП, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы және бизнес-қоғамдастық өкілдеріне сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік нормативтерді одан әрі жетілдіру мемлекет, сарапшылық қауымдастық және бизнес арасындағы тығыз өзара іс-қимыл арқылы ғана мүмкін екенін атап өтті.