Ерсайын Нағаспаев XVI «ИННОПРОМ» халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты

Ерсайын Нағаспаев XVI «ИННОПРОМ» халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) органдарына төрағалығы аясында Екатеринбург қаласында (РФ) өткен XVI «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ұйымдастырылған Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің 8-інші отырысын ашты.

Отырысқа Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоян, Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецов, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алиханов, ал Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан (ЕЭК) Алқа мүшесі, Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министр Гоар Барсегян қатысты.

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі өз сөзінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес бірлескен инновациялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдау тетіктері, роботтандыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ортақ ақпараттық ресурстарды дамыту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 8-інші отырысының хаттамасына қол қойылды.