Ерсайын Нағаспаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі

Ерсайын Нағаспаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыста Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу барысы қаралды. Сондай-ақ энергия үнемдеу саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен саланы дамыту жоспарларына назар аударылды.

Отырыс барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ірі кәсіпорындармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өнеркәсіп секторындағы энергия сыйымдылығының 32%-ға төмендегені туралы баяндады. Сонымен қатар бизнес үшін энергия тиімділігі бойынша жеке мақсатты көрсеткіштер әзірленгенін атап өтті.

«300-ге жуық ірі өнеркәсіптік нысан энергия аудитінен өтті. Жалпы құны 113 млрд теңгені құрайтын энергия үнемдеу іс-шаралары жүзеге асырылып, соның нәтижесінде салада айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді. Қазіргі таңда тағы 300-ден астам нысанда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы 5%-ға төмендеді», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жауапты мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.