Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғын үй құрылысы, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметі және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өтініштер қаралды.

Өтініш берушілердің бірі құрылыс салушының міндеттемелерін орындауы және жасалған келісімдердің талаптарына қатысты мәселе көтерді. Сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестігінің қызметі, коммуналдық төлемдердің есептелуі, құжаттаманы беру және тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. 

Көтерілген барлық мәселелер бойынша азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қызметінің ашықтығын арттыру, қабылданатын шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында халықпен жүйелі әрі ашық жұмысты жалғастыруда. Осы бағытта азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдау жұмыстары жүргізілуде.