Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысына іссапарымен барып, өңір тұрғындары және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Азаматтармен өткен кездесуде өңірдегі өнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау және өзге де өзекті мәселелер қаралды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Өңір басшылығымен өткен кездесуде Абай облысының өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Инвестициялық жобаларды іске асыруға және жаңа өндіріс орындарын ашуға ерекше назар аударылды.

Өнеркәсіп орындарының басшыларымен кездесуде мемлекеттік қолдау шаралары, «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі, ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар жасасу тетіктері және басқа да мәселелер талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша азаматтар мен бизнес өкілдері көтерген барлық мәселелер министрліктің бақылауына алынды.